Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын”, – делінген бұйрықта. 

Ол Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Ол бұл орында небәрі 4 ай ғана отырды. Бектанов Байзақтағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін өз еркімен отставкаға берген Нұрлан Ермекбаевтың орнынан келген болатын.

Руслан Жақсылықов 1966 жылы дүниеге келген. Взвод командирінен бөлімше командиріне дейін түрлі қызметте болды (1987-2006).

ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қолбасшысы және Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы міндеттерін атқарған.

Талқылау