Рудныйда желідегі апатқа байланысты 33 көпқабатты үй мен мектеп жылусыз қалды
Рудныйда құбыр желісіндегі апатқа байланысты 33 көпқабатты тұрғын үй мен 1 мектепке жылу беру тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір тұрғындар электр жылытқыштарды қосып, үйлерін жылытып отыр. Апат Гагарин мен Шевченко көшелерінде болған.
Бүгін Рудныйда ауа температурасы -26 градусқа дейін төмендеген. Сондықтан бірінші және екінші ауысымдағы бастауыш сыныптар қашықтан оқуға көшірілді.
"Наша газета" басылымының мәліметінше, қаладағы жылыту желілерінің әбден тозығы жеткен. Жыл сайын мұнда 300-ге жуық апат тіркеледі екен. Ал қаладағы квартал ішілік желінің ұзындығы 100 шақырымға жуықтайды.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?