Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева мен Анатолий Цой бір-бірін көрмей, ресейлік шоуда дуэт орындады (видео)

Халық артисі Роза Рымбаева мен әнші Анатолий Цой ресейлік "Дуэты" шоуына қатысып, бірге ән шырқады. Қос өнерпаз соңғы сәтке дейін кіммен бірге ән айтып тұрғанын білмеген. Әнді орындау кезінде олардың дауыстары бір-біріне өзгертілген қалыпта естілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Роза Қуанышқызы сахнаға шықпас бұрын қатты қобалжығанын жасырмады. Кіммен дуэтте болатынын білмегендіктен, ұятқа қаламын деп қорықты. 

"Ұятқа қалмасам болды. Тек Ресей емес, мені бүкіл Қазақстан көреді. Ұятқа қалсам, қазақтар мені кешірмейді", – деді ол. 

Ол сахнадағы сыңары ер адам болады деп үміттенді. Рымбаева Цоймен бірге өзінің репертуарындағы әйгілі "Любовь настала" әнін шырқады.

Әннің соңына қарай, екеуінің ортасын бөліп тұрған айналы қабырға ашылды. Рымбаеваны көремін деп ойламаса керек, Анатолий Цой ән айта алмай, Халық артисін құшақтап алды. 



Роза Қуанышқызы Анатолийдің өнерін жоғары бағалап: 

"Ол менің тонымнан бір октава жоғары айтты. Мен есеңгіреп қалдым. Браво, балақай!" – деді. Ал Анатолий: 

"Міне, тосынсый! Күтпедім. Бұл әнді, Роза Қуанышқызын, тіпті бұл кісінің балаларын бала кезімнен білемін. Олар (балалары) қазір менен үлкен болып кетті. Кішкентай кезімнен Роза Қуанышқызының фанатымын. Ол кісімен бірге ән айтуды армандап келдім", – деп эмоциясын жасыра алмады. 

 

Талқылау