Роза Әлқожа: Қанша мықты болсақ та, құдіреттің алдында қауқарсыз пендеміз
Роза Әлқожа кезекті жазбасы арқылы туған жеріне деген шексіз махаббатын жеткізді.
Сурет: Роза Әлқожаның жеке парақшасынан
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Роза Әлқожа әлеуметтік желі арқылы жаңалықтарын ғана емес, көкейге ой саларлық жазбаларын да бөлісіп отырады. Бұл жолы әнші туған жеріне деген сағынышын жеткізді.
“Өзіңді қанша мықты сезінсең де, іштей бір құдіреттің алдында – қауырсындай қауқарсыз пенде екеніңді сезініп тұрасың! “Анаумын, мынаумын” деген бір пендешілік асқынғанда, тозаңдай ғана салмағың барын ұқтырып анадайдан тау түнереді! Қала-қамалға қамалып, қарайған жүректі дала деген дархандыққа қарай жақындатқан сайын – даралығың далада қалып, сол табиғаттың бір бөлшегіне айналып шыға келесің! Сол себепті де даламды сүйемін! Жортқан сайын жігерленіп, кезген сайын кемелденіп, ұшқан сайын биіктей беретін болмыс, өзімді саған тапсырдым! Қайраған сайын жылтырайтын қылыштай қайрат, өзіңе сендім! Түрлі бояуға малынып жатқан жасыл шапанды дала-данышпан – атам сияқты мейірленіп қарап тұр. “Ойнай ғой, жүгіре ғой. Тек тоқтап қалма!”дейтіндей”, – деп жазады Роза Әлқожа.
“Қасиетті туған жерге махаббатты бұдан артық қалай жеткізуге болады?! Ия, дұрыс айтасыз. Қауырт тірлікпен қамалған қаладан бір мезгіл дархан далаға бет алсаңыз… Па, шіркін, тынысыңыз ашылып, көкіректе бір ұшқын сезім пайда болатыны анық!”, “Керемет! Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз”, “Еңбекқор, үлгі тұтарлық қазақтың шынайы, жасандылығы жоқ, қарапайым келінісіз. Маған ұнайсыз”, “Роза апай, сіз өте керемет жансыз. Отбасыңызға бақыт тіледім”, “Розажан, зиратың қабыл болсын” деп жазады желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Майғазиев әйелін ең қымбат 30-қабаттағы мейрамханаға апарып тосын сый жасады
Карина Абдуллина: Болатты құлай сүйгенімді ол қайтыс болған соң бірақ түсіндім
Тыр жалаңаш билеген Баян Нұрмышеваның ұлы желідегілерді күлдірді (видео)
Анасы: Қайрат адам тірі қалуы мүмкін емес жол апаттарынан аман шықты