Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карина Абдуллина: Болатты құлай сүйгенімді ол қайтыс болған соң бірақ түсіндім

Карина Абдуллина марқұм Болат Сыздықовты құлай сүйгенін бақилық болғаннан кейін ғана түсінгенін айтып жатыр. Мұнымен қатар, әнші кез келген адамның бойынан адалдық сынды қасиетті жоғары бағалайтынын жеткізді.

dr

Сурет: «NewTimes.kz

Бұл туралы Дана Орманбаеваның “Шынайы өмір” бағдарламасында айтылды.

“Әрине, арамызда махаббат болды. Арамызда болған нәрсенің барлығын махаббат деп атар едім. Мен мұны Болат бақилық болған кезде ғана түсіндім. Бір кездері Болатсыз өмірімді елестетіп көрген болатынмын. Қазір тура сол елестерімдегідей өмір сүріп жатырмын десем де болады”, – дейді Карина Абдуллина.

Мұнымен қатар, әнші қандай жағдай болмасын өзіне де, өзгелерге де адал болуға тырысатынын жасырмады. Бұл қасиетті бойында қалыптастыру үшін де өзіне көп уақыт қажет болған екен.

“Өмірде ең бастысы – сені шынайы жақсы көретін адамдарды бағалау. Ол міндетті түрде туыстарың болуы тиіс емес. Мен қанмен келетін туыстыққа емес, жанмен келетін туыстыққа сенемін. Өзіңе адал болудың да орны бөлек. Бұл қасиетті үйрену үшін көп уақыт қажет. Бірақ, осы қасиеттің арқасында өмірдің сапасын жақсартуға болады. Қара нанды да адал еңбекпен тауып жегенді жақсы көремін. Ең бастысы, түн ұйқың тыныш болады. Өтіріктің қашан да беті ашылады. Сол себепті, мүмкіндігінше шынайы болуға тырысып көрейікші”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Тыр жалаңаш билеген Баян Нұрмышеваның ұлы желідегілерді күлдірді (видео)

Анасы: Қайрат адам тірі қалуы мүмкін емес жол апаттарынан аман шықты

Ернардың клипі 3 күнде миллион рет қаралып, Еркенің рекордын бұзды (видео)

Гүлзира Айдарбекова: Келінім мен немерелерімді жек көре алмаймын

Талқылау