AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зайытов: Қолына көк ту ұстап жүретін, кабинеті бар ағалар, осы жағдайдан елді аман алып шығыңыздаршы

Айтыскер, ақын Ринат Зайытов тікелей эфир арқылы сұхбаттасты. Айтыскер қазіргі жағдайын, елдің жағдайын баяндады. Әнші табыс көзін ашық айтып, қалай күн көріп жүргенін жеткізді. 

Айтыскер бұл туралы Қайрат 31 арнамен тікелей эфирге шыққанда мәлімдеді. 

Айтуынша, қазіргі карантин уақытында ел қатарлы үйде жатыр. 

Айтыскер қазіргі өнерпаздардың, халықтың, өзінің жайын ашық айтты. 

"Көпшілік желі арқылы асып-тасып жатқан халықты көреді. Бірақ оларды бәрінің жағдайы керемет деп ойлауға болмайды. Ай сайын ақша санап, жеткізе алмай жүрген шын өнерпаздарды көргенмін. Қазір сахнада құры жүргендер, өздерін әнші санайтындар бар. Әнші емес әншілер бар. Мен олар туралы айтып отырған жоқпын. Қазақстанда жетіген ұстаған, қобыз ұстаған, не домбыра ұстаған қай әншінің асып-тасып жүргенін көрдіңіздер? Мен солар туралы айтып отырмын", - деді Зайытов.

Айтыскердің пайымдауы бойынша, халықтың жағдайы одан да мүшкіл.

"Мен тойға шығамын, әнге сөз жазамын. Бір әннің сөзін, әнін, оранжировкасымен әрі кетсе 500-600 мың теңгеге жазамын. Бірақ мен өзімді аянышты көрсеткім келмейді. Жағдайым жаман деп те айта алмаймын. Себебі менен нашар өмір сүріп жатқандар бар. Аш-жалаңаш жүрген халық көп. Ең сорлы қазақ мен секілді өмір сүрсе екен деймін", - деді айтыскер. 

Ринат Зайытов өзінің шалқып өмір сүрмесе де, қазіргі күйіне қанағат етеді. 

"Маған жылда көлік ауыстырудың керегі жоқ, 3 мың долларға костюм киюдің керегі жоқ, қайда барғым келсе, сонда қонаққа бара аламын, еркін жүре аламын. Шалқып өмір сүру деген менің түсінігімде осы", - деді ол.


Оқи отырыңыз

«Менен гөрі Димаш пен Ләйлімшырақ лайық»: Ринат Зайытов «Жыл адамы» болғаны туралы


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр