Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Менен гөрі Димаш пен Ләйлімшырақ лайық»: Ринат Зайытов «Жыл адамы» болғаны туралы

Күні кеше Stan.kz редакциясы 2019 жылы есімі ең көп аталған азаматтарды саралап, арасынан Ринат Зайытовты «Жыл адамы» деген атқа лайық көрген-ді. Алайда айтыскер ақын бұған өзінен гөрі басқа азаматтардың лайығырақ екенін бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ринат пен Димаш
«Жаңа ғана құлағыма "Жыл адамы" болдың деген жайсыз хабар жетті. Ұят болып тұр. Себебін түсіндірейін. Биыл менің екі тілегім болды: 1. Керең биліктің құлағына жылаған жұртымның зарын жеткізу. Олар мені естігісі келмеді ме, естімеді ме құдай біледі. Әйтеуір "баяғы жартас". 2. Бар әлемге қазақтың азат, еркін ойланатын жастары бар екенін көрсету. Енді саралайық. Мен осы екеуінің қайсысына жете алдым? Қазақы сенгіштігімнің кесірінен, билікке елді тыңдайтын біреу келсінші деген соқыр үмітпен, Халықтың алдындағы азғантай абыройымды апардым да, бір қорқақ алаяқтың өз дегеніне жету жолына құрбан еттім. Жә, ол нүктесі қойылмаған әңгіме. Бұйырса...” – деді айтыскер ақын. 

Әрі қарай Ринат Зайытов бұл орынға кімдердің лайығырақ екенін жіпке тізді. 

«Партия құрайын деген ой болып еді, Отаным деп жүргендердің 90%-ның ойы билікке жетсе болды. Бетпе-бет әңгімелессеңіздер түсінесіздер. Оны да уақыт көрсетер. Әзірге мен өзімді жыл адамы санамаймын. Сондықтан орайы келсе жыл адамы деп Жаңа президенттің өзіне өзінің дауысын Абайдың тілімен жеткізген Ләйлімшырақ, не болмаса барлық қара қытайға Қазақтың асаулығын танытқан жеті батыр бауырым (Қызылағаш пен Зайсандағы). Немесе бар әлемді Қазақтың домбырасымен тағы бір таныстырған Димаш Құдайберген. Осылардың біреуін атаңыздар. Бәрін атасақ та артық емес. Ал біздің уақыт келе жатқан жыл деп сенемін! Жаңа жыл тойлайтындарға құтты болсын!» - деді ол. 


Тағы оқыңыз >>> Қазақстанда 2019 жыл адамының есімі белгілі болды
Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қазақ жігіті махаббат үшін Америкаға дейін барады": Қоянбаев өтірікшілерді "ақтап" фильм түсіргені туралы

Продюсер Әсел Сағатованың шын мәнінде қандай екенін түсінгенін тілге тиек етті

Министр Қытайдан келген қазақстандықтарға өтініш айтты

Біртанов азаматтарды дәрігерге қаралуға кеңес берді

Елімізде 200 теңгелік монета айналымға шықты

200 теңгелік қағаз банкнот әлі де төлем құралы болып саналады

Қазақстан студенттерді эвакуациялау үшін Қытайға арнайы комиссия жіберуге дайын

Қазақстан Қытайға нота жолдады

Қазақстанда Қытайдан келген төрт адам ауруханаға жатқызылды

Науқастар вирустық инфекциялық күдікпен ауруханаға жатқызылды

Сыйақы бермейді, ақша жеп қойған: Түркістанда аурухана қызметкерлері басшысын кінәлады

Жұмысшылары еңбек жағдайлары мен әділетсіздікке наразылықтарын білдірді

Түркістан облысы тұрғындары көшеде кәмпит таратып жүрген шетелдіктерді көріп шу шығарды

Тұрғын: Вирус таратып жүргендер шығар, қайдан білеміз

ЦентрКредит Банкі Samsung Pay мобильді төлемдер сервисін пайдалануға іске қосты

Енді ЦКБ клиенттері Samsung Pay функциясын қолдайтын кез келген Samsung құрылғысының көмегімен сауда жасай алады

"Таразға іздеп барсам, ол шымкенттік екен": Нұрлан Қоянбаев әйелімен қалай танысқанын айтты

Актер үйленер кездегі қызықты оқиғаларын айтты

Кәсіпкерлер алдағы күндерде банкке баратын жолды ұмытады ма?

Жақын күндерде АТФБанк нарыққа ең мықты өнім – ATFBusiness шығарады
Çàãðóçêà...