Ринат Зайытов көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталғандарға рақымшылық жасауды ұсынды

Мәжіліс депутаты Ринат Заитов палата отырысында әлеуметтік желідегі пікірлері үшін сотталған адамдарға амнистия жариялауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат жұмыс тобының барысында біз өз пікірлерін айтып, түрлі ұсыныстар бергенін мәлімдеді. Алайда олардың кейбірі қолдау таппады. Сондай-ақ қай баптар және қандай тұлғалар туралы айтып отырғанын нақтыламады.
“Өкінішті жағдай бар. Әлеуметтік желідегі пікірлері үшін сотталған адамдар бар. Мен әріптестерімнен Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша сотталған тұлғаларға амнистия қолдануға көмектесуін қатаң түрде сұраймын", – деді депутат.
Бұған дейін Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия әзірленіп жатқаны туралы жазған едік.
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, құжаттар президенттің жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жариялаған амнистиясынан кейін әзірленген.
“Әкімшілік амнистия аясында осы заң күшіне енгенге дейін орындалмаған әкімшілік айыппұлдар бойынша жеке тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері, жеке нотариустар, адвокаттар, қандас мәртебесі бар адамдар және жалпы Қазақстан азаматтары әкімшілік жауапкершіліктен босатылады”, – деді депутат.
"Топтық зорлаудан кейін қыз туып, кейін оны жоғалтып алдым": Қазақстандық әйел 30 жылдан бері қызын іздеп жүр
Оқыңыз