Рим Папасы қасиетті Құрбан айт кезінде Құранды өртегендерге ашулы екенін айтты
Рим Папасы Франциск Швецияда Құрбан айт мейрамы кезінде Ирактан келген босқынның Құранды өртегеніне қатты ашулы екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Газета.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Рим Папасы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдерді діндеріндегі қасиетті дүниелерін қайта-қайта қорлауға қарсы шара қолдануға шақырды.
"Мен ашулымын, мұндай әрекеттерді көрсем жиіркенемін. Адамдар қасиетті деп санайтын кез келген кітапқа сенушілерге құрметпен қарау керек ", – деді ол Эмираттың Al Ittihad газетіне берген сұхбатында.
Еске салсақ, бұған дейін 28 маусымда Ирак иммигранты мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт мерекесінде Стокгольм орталығында намаз кезінде Құранды өртеп жіберген еді.
Талқылау
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады
Алматыда шешек дерті өршіп тұр: Дәрігер ауру қалай тарайды және одан қалай қорғануға болатынын айтып берді
Маманның айтуынша, желшешектің көбеюіне маусым мен екпенің аздығы себеп