Рим папасы Франциск қыркүйекте Қазақстанға келеді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Рим папасы Франциск Қазақстанға келеді. Рим папасының мемлекеттік сапары 13-15 қыркүйекке жоспарланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған", – делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстан Алтын Орда тарихын жаңғырту үшін Ватикан мұрағатын зерттеуге келісім жасаған еді. Шығыстану институты Ватикан мұрағаттарынан түркі әлемі мен Еуропаның қарым-қатынасы туралы бұрын жарияланбаған латын, ерте герман және скандинав тілдеріндегі дереккөздерді іздестіруді, сондай-ақ Алтын Орда туралы тарихтың шынайы тұстарын жаңғырту үшін мұрағат материалдарын зерттеуді көздеп отыр.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр