Риддердің жылу жүйесін жөндеу үшін үкіметтен 8 миллиард теңге бөлінді
Үкімет Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының жылуі жүйелерін жөндеуге 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаулыға сәйкес 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкімет резервінен кезек күттірмейтін шығындарға Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына жалпы сомасы 8 миллиард 400 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді.
“Қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады. Сонымен қатар қаражат отын беру галереясы мен аспирация жүйесін күрделі жөндеуге жұмсалады”, – делінген премьер-министр сайтының хабарламасында.
Еске салайық, 2023 жылдың 23 наурызында Риддер ЖЭО-дағы №6 қазандық жанындағы отын беру галереясында көмір тозаңы жарылысы болған еді. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метрді құрайтын қоршау құрылымдарын қиратып, облыс көлемінде төтенше жағдай режимі жарияланды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”