Риддердегі "Шаңырақ" мектебі жабылды деген қауесетке білім басқармасы жауап берді
Жақында әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы "Шаңырақ" қазақ мектебі жабылады деген ақпарат тараған еді. Облыстың Білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарып, қазіргі таңда оқушылардың басқа ғимаратта оқып жатқанын жеткізді.
ШҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Бұлбұл Қозыбаева аталған мәселе бойынша түсініктеме берді.
"2023-2024 оқу жылында бізде облыс бойынша ешқандай мектеп жабылған жоқ. Қазір жабылмайды да. Қазіргі уақытта барлық балалар білім берумен қамтамасыз етілген. Соның ішінде "Шаңырақ” қазақ мектебінің оқушылары да бар. Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігіне байланысты мектеп басқа ғимаратқа ауыстырылды. Штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. Барлық бала білім алуда", - дейді білім басқармасының басшысы.
Қазіргі таңда мектеп үшін жаңа ғимарат салынып жатқаны хабарланды. Құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады деп күтілуде.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”