Рыбакинаның тарихи жеңісінен кейін: "Уимблдонның" ерлер арасындағы чемпионы анықталды
Сербиялық теннисші Новак Джокович австриялық Ник Кирьосты жеңіп, "Уимблдон-2022" сайысының ерлер арасындағы чемпионы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Финалдық ойын үш сағатқа жалғасып, 4:6, 6:3, 6:4, 7:6(3) есебімен аяқталды.
Джокович осымен өз топтамасына 21-ші "Үлкен дулығаны" қосты. Сербиялық теннисші 32-рет финалға шығып, өз рекордын жаңартқан. Ал “Уимблдондағы” бұл жетінші жеңісі болды.
2017 жылы сербиялық теннисші Ник Кирьосқа екі рет есесін жіберген. Бұл кездесулерде ол бірде-бір сетте жеңе алмаған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Уимблдон" финалында жеңіске жеткен еді. 23 жастағы Рыбакина "Үлкен дулығаның" соңғы кездесуінде әлемдік рейтингтегі №2 теннисші Онс Жаберді жеңді.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған

