Рыбакина Абу-Дабиде өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Дабиде өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото ашық дереккөзден алынды
Ол финалда ресейлік спортшы Дарья Касаткинадан 6:1, 6:4 есебімен басым түсті.
Бұл жеңіс Еленаның 2024 жылғы екінші WTA титулы және мансабындағы жетінші жеңісі болды. Жаңа маусымның басында Рыбакина 11 жеңіске жетіп, екі рет жеңілістің дәмін татқанын айта кетейік.
Турнирде жеңіске жеткені үшін қазақстандық теннисші $142 000 (63,3 млн теңге) көлеміндегі сыйлыққа ие болады. Сонымен қатар, жаңартылған WTA рейтингінде Елена Рыбакина 5-ші орыннан 4-ші орынға көтеріледі.
Бұған дейін Еленаның Australian Open чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін алғашқы кездесуін жеңіспен бастағаны жазылған.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"


