Режиссер Тимур Бекмамбетов Татарстан президентінің 28 жастағы көмекшісіне үйленді
Қазақстан тумасы Тимур Бекмамбетов Татарстан президентінің көмекшісіне үйленді. Ол 28 жастағы Наталья Фишманмен отау құрды.
.jpg)
Бұған дейін көзге түскен жұптың суреті бір жыл бұрын желіде жария болған еді. Енді жұп "Казан" отбасы орталығының АХАЖ-ында неке қиды. Салтанатты рәсімге ең жақын адамдары қатысты.
Салтанатты рәсімнен соң 57 жастағы режиссер мен 28 жастағы жұбайы қонақтармен Кабан көлінің жағасына көкке шықты.
Қалыңдық желідегі парақшасында өзін Фишман-Бекмамбетова деп өзгертті.
Бекмамбетов бұған дейін кинопродюсер Варвара Авдюшкомен отау құрған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"