Республиканың бірнеше өңірінде үсік жүреді

“Қазгидромет” Қазақстанның бірқатар облысында үсік жүруі ықтимал екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
11 мамырға қараған түні Ақтөбе облысының солтүстігінде ауа температурасы 2 градусқа төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде өрттің қаупі жоғары болмақ.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай соғуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта соғады, ал батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыс және солтүстік бағытта соғады, ал күндіз облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде солтүстік пен батыста 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың көптеген аумағында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Қарағанды қаласында да түнде 1-3 градус үсік болуы ықтимал, сондай-ақ өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыс бағытта соғады, ал солтүстігі мен шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік жүруі мүмкін. Қостанай қаласында да түнде 1-3 градус үсік жүреді деген болжам бар.
Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік жүруі мүмкі, ал батысы, оңтүстігі және шығысында өрт қаупі өте жоғары. Павлодар қаласында да 11 мамыр түні 1-3 градус үсік болжанып отыр, жел күшейіп, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
ОқыңызСолтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге , ал солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде секундына 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде 1-6 градус үсік жүруі ықтимал. Петропавл қаласында да солтүстік-батыстан жел соғып, желдің екпіні секундына 15-20 метрден, 23-28 метрге дейін жетеді. Түнде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.
Астана қаласында 11 мамыр түні 2 градусқа дейін үсік болуы ықтимал. Жел солтүстік-батыс бағытта соғып, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Бұған дейін синоптиктер мереке күндері елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады деп болжаған еді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?