Жаңбыр мен найзағай: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

“Қазгидромет” синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мамандардың болжамына сәйкес, мереке күндері елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін.
7-9 мамыр аралығында батыс өңірлерде, ал 8-9 мамыр күндері солтүстік өңірлерде нөсерлі жаңбыр болады. Оңтүстік өңірлерде жоғары температура аясында өткінші жаңбыр мен найзағай болады, ал шығыс өңірлерде жаңбыр мен найзағай тек 9 мамырдан бастап болжанды.
Күндізгі ауа температурасы батыста +18…+28 градус шамасында, солтүстікте сәл төмендеп +18…+23 градусқа дейін, орталықта +20…+28 градус, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +28…+33 градус, шығыста +25…+30 градусқа дейін жоғарылайды.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік ұлттық костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?