Республика күні ресми түрде мерекелер қатарына қосылды: Президент заңға қол қойды
29 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күнін ұлттық мереке ретінде бекіту туралы заңға қойды. Сонымен қатар 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні мерекелер қатарынан алынып тасталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін тиісті заңды Парламент қабылдап, президенттің қарауына жіберген еді.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Қазан айында Республика күніне орай демалыс күндері ауыстырылады
Заңның толық мәтіні БАҚ беттерінде жарияланады.
Қабылданған заңға сәйкес Республика күні ұлттық мереке, ал Тәуелсіздік мемлекеттік мереке болып бекітіледі. Ал Тұңғыш президент күні мерекелер қатарынан алынып тасталды.
Құрылтайдың жаңа құрамына кімдер кірді: Ең жас және ең жасы үлкен депутаттар
Кемінде 28 адамның бұған дейін Парламентте тәжірибесі болғаны байқалады
Бес жыл бұрын облыс әкімінің қолынан баспана кілтін алған қазақстандық параспортшы пәтерін жалдап тұрып жатыр
Спортшы пәтерді пайдаланғаны үшін ай сайын 14 348 теңге төлейді