Ресейліктерге Қазақстанға шығуға тыйым салына бастады – БАҚ
Ресейде азаматтарға Қазақстанға шығуға тыйым салына бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Baza базылымына сілтеме жасап.

25 қыркүйектегі хабарламаға сәйкес, Федералды қауіпсіздік қызметінің шекара қызметі ресейліктерге елден кетуге тыйым сала бастаған. Бұл туралы адвокат Павел Чиков мәлімдеді.
Сонымен қатар басылым ресейлік "Озинки" және "Звериноголовское" өткізу пункттерінде берілген әскерге шақырту хаттарын да жариялады. Бұл өткізу бекеттері Қазақстанмен шекарада орналасқан.
Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресейде жартылай мобилизация жарияланған соң Қазақстанға келушілердің саны күрт өскен. 23 қыркүйектегі жағдай бойынша жыл басынан бері Қазақстанға 1,6 Ресей азаматы келген.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады