Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдегі эпидемия Қазақстанға келуі мүмкін бе? Маман түсіндірді

Ресейдегі эпидемиологиялық ахуал қайталанбауы үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын Денсаулық сақтау министрлігінде түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов Ресейден келетін азаматтар тексерістен өтетінін айтты.

“Осыған байланысты бұның алдында 2019 жылы шыққан арнайы қаулы бар. Ол бойынша Қазақстанның әрбір азаматы міндетті түрде ковидке тапсырылған, үш тәуліктен аспаған ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен адам ғана өте алады. 


Оралдық шенеунік жиналыста ойланбай сөйлегені үшін қатаң сөгіс алды 


Шекарадан өткен адамдардың температурасын өлшеп жоғары температурадағы адамдар болса міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланады. Шетелден кіруге қойылған эпидемиологиялық шекутелер жұмыс істеп тұр”, – дейді Жұмабек Бекенов.

Маман Ресеймен шекараласып төрт облыс қызыл аймаққа кіріп отырғанын атап өтті.

“Солтүстік, Қазақстан облысы, Павлодар. Ақмола, Қостанай облысы кіріп отыр. Ресеймен шекаралас облыстардағы вакцинация көрсеткіші 54%-66% аралығында”, – деді ол.

Талқылау