Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде жантүршігерлік жол апаты болды: Олардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталды

21 тамызда Ресейдің Ульяновск облысы Николаевск ауданында автобус жол апатына ұшырап, 16 адам қайтыс болды. Олардың арасында қазақстандықтар жоқ болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ТАСС

"Жол апатынан микроавтобуста болған 15 адамның және жүк көлігінде болған 1 адамның көз жұмғаны анықталды. 3 адам ауруханаға жеткізілді, 1 адам амбулаториялық ем алуға жіберілді. Алдын ала мәліметтер бойынша Ульяновск облысында жол апатына ұшыраған микроавтобуста Қазақстан азаматтары болған", –  деп жазды ТАСС агенттігі.



ҚР сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ульяновск облысында болған жол апатына қатысты пікір білдірді.

"Ресей Федерациясы Ульяновск облысы төтенше жағдайлар министрлігі штабының алдын ала мәліметі бойынша, аталған облыста болған жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ", - делінген ресми хабарламада.

Ульянов облысының губернаторы Алексей Русских Ульяновск маңында шағын автобуспен болған апаттың себептерін анықтауды тапсырды. Бастапқыда төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, қаза тапқандар Қазақстан азаматтары болған деген ақпарат келтірілген екен.

Талқылау