Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде президент сайлауы өтетін күн белгілі болды

Бүгін Ресейде президент сайлауының өтетін күні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Путин сайлау

Парламенттің жоғарғы палатасының шешіміне сәйкес, дауыс беру 2024 жылдың 17 наурызына бекітілді.

"Ресей Федерациясы Президентінің сайлауы 2024 жылғы 17 наурызға белгіленсін. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.


Қазақстанда 2024 жылға арналған діни мерекелердің күнтізбесі жарияланды


Айта кетейік, Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путиннің алдағы сайлауға қатысатыны әлі белгісіз. Ал қарашаның басында БАҚ беттерінде Ресей көшбасшысының бесінші президенттік мерзімге үміткер болатыны, елді "бірнеше онжылдықтағы ең қауіпті кезеңде" басқаруды жоспарлап отырғаны айтылды. Путиннің өзі бұл мәселеге қатысты шешімін науқан басталғаннан кейін жариялайтынын айтты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинді “сөзіне берік кісі” деп атап, өз елін әлемдік держава биігіне шығарып берді дейді. Ол бұл туралы жақында жарияланған “Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа” мемуар кітабында айтады. 

Сондай-ақ Желі қолданушыларының Қазақстанға келген Путиннің бет-бейнесін талқыға салғаны туралы жазған едік. 

Талқылау