Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Путинді "сөзіне берік кісі" деп атап, Отанын қайтадан әлемдік держава биігіне шығарып берді деді

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинді “сөзіне берік кісі” деп атап, өз елін әлемдік держава биігіне шығарып берді дейді. Ол бұл туралы жақында жарияланған “Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа” мемуар кітабында айтады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездеседі

Назарбаевтың сөзінше, Қазақстан-Ресей қатынасындағы сапалық жаңа кезең ел басшылығына Владимир Путиннің келуімен байланысты. Путин президенттігі Ресейдің тарихына айрықша белес болып енетініне ешкімнің күмәні жоқ, дейді ол.

“Мұны оны жақтырмайтындар да мойындайды. Путин Ресейдегі бейберекеттікті тоқтатты, биліктің беделін қалпына келтірді. Өзінің Отанын қайтадан әлемдік держава биігіне шығарып берді. Ол – істің адамы, сөзіне берік кісі. Владимир Владимировичпен мемлекеттер басшылары ретінде жиі кездескеніміз сондай, ол бір жолы “Мен Қазақстанда тіркеліп алатын шығармын” деп әзілдеген де. Расында да, жылына сегіз ретке дейін кездескен кездеріміз бар. Осыны 2006 жылы Мемлекеттік Думаның 100 жылдығына арналған отырыста сөйлеген сөзімде айтқанмын”, – деп жазады Назарбаев.



Тұңғыш президент 1995 жылы 15 қарашада “Независимая газетаға” берген сұхбатын қайта еске алып, Ресейдегі орыстар мен қазақтар арасына сына қағуға тырысатын кейбір саясаткерлердің пікірін Ресейдің позициясынан бөліп қарайтынын айтады.

Қазақстан үшін Ресейдің аса маңызды мемлекет екеніне тоқталған Әбішұлы көрші екі ел ортақ геосаяси жағдайда тұрғанын және қашанда сондай жағдайда тұратынын баса айтады.

“Әлемдегі көптеген процестерге көзқарастарымыз да ұқсас. Мына жайды да атап өту керек. Ресей – дүниежүзіндегі ең ірі ел ғана емес, ең бастысы – Ресей дүние жүзіндегі әлеуеті жағынан ең қуатты ел. Бұл сөзді Ресей әлемдегі экономикалық жағынан ең күшті ел деген мағынада түсінбеу керек. Мен елдің жалпы әлеуетінің молдығын айтып тұрмын. Табиғат байлықтары, энергия қуаттары, аграрлық мүмкіндігі жағынан біздің алып көршіміз шынында да өте қуатты. Түптің түбінде жері байдың елі бай болмай қоймайды”, – деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев.

Талқылау