Ресейде күн ыстық болған күні жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды
Ресейде мемлекеттік дума спикерінің орынбасары Борис Чернышов еңбек кодексіне түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресейлік депутат ауа райы өте ыстық болғанда жұмыс күнін қысқарту туралы түзетулер енгізуді ұсынды. Құжат думаның деректер базасында жарияланды.
"Қызметкерді ыстық күннен қорғау және жұмыс орнында қолайлы еңбек жағдайларын сақтау үшін қызметкер сол күні уақытты қысқартуды талап етуге құқылы", – делінген хабарламада.
Жұмыс беруші қызметкердің өтініші бойынша ауа температурасы +28,5°C болған кезде жұмыс күнін немесе ауысымды бір сағат, +28,6 °C-тан +29°C болса екі сағат, +29,1° C және одан жоғары болса, төрт сағат қысқарта алады.
Ресей Федерациясының Еңбек кодексінің 92-бабына өзгертулер енгізу ұсынылды.
Бұл ұсыныстар қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысы жоқ.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады