Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде 13 жылға сотталған қазақстандықтың есімі лаңкестер мен экстремистер тізіміне енген

Қазақстан азаматы Аңсаған Молдахметов биылғы жылдың мамыр айында Омбыдағы военкоматты өртегені үшін кінәлі деп танылған. Ресей сотының шешімімен 13 жылға сотталған қазақстандықтың есімі жақында "экстремистер мен террористердің" жаңартылған тізімінде пайда болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

аңсаған

Сот анықтағандай, белгісіз біреу Молдахметовке Telegram мессенджері арқылы хабарласып, военкоматты өртеуі үшін 6 миллион теңге ұсынған.

Молдахметовті өрт қою арқылы бір топ адам жасаған лаңкестік әрекет бойынша кінәлі деп тапқан.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Молдахметов осы іс бойынша тағы бір айыпталушы, іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Сейіл Мұратұлымен бірге 2022 жылдың 13 мамырында таңертең Омбы военкоматын өртеп жіберген. 
Ол үшін олар Молотов коктейльдерін пайдаланған.



Өрттен кейін Мұратұлы мен Молдахметов Ресейден кетіп қалған, алайда Молдахметов қайта оралуға шешім қабылдап, нәтижесінде ФСБ мен Ішкі істер министрлігі оны шекарада ұстаған. ФСБ хабарлағандай, Қазақстан азаматтары ешқандай сыйақы алмаған.

Еске салайық, 13 мамыр күні таңертең Омбыдағы Пушкин көшесінде орналасқан военкоматтың өртенгені хабарланған. Кейін оны Қазақстан азаматары жасағаны туралы ақпарат тараған.

Талқылау