Ресей Тоқаевты Мәскеуде өтетін әскери парадқа шақырған жоқ
9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатыспайды.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған шеруге қатысу-қатыспауы туралы сауал жолдап жатыр.
"Ресей тарапынан тиісті шақырту болмады, сондықтан Мәскеуге сапар президент кестесінде жоспарланбаған", - деп атап өтті Берік Уәли.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты 7 және 9 мамырда әскери парадтың өтпейтіні хабарланған еді.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті