Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді
Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Коронавирустық инфекция бойынша жағдайдың тұрақталмауына байланысты Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад болмайды. Парадтың орнына қандай іс-шаралар өтетіні туралы әзірге айта алмаймыз", - деп түсіндірді қорғаныс министрлігі.
Еске салсақ, 2020 жылы да Қазақстанда коронавирустық пандемияға байланысты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтпеді.
Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Бірақ ардагерлер назардан тыс қалмады. Оларды ел басшылығы, шенеуніктер, әскери қызметкерлер, еріктілер, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар құттықтады.
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. 8 мамыр - сенбі. 9 мамыр - Жеңіс күні-жексенбіге келеді, сондықтан мереке демалыс күні дүйсенбі, 10 мамырға ауыстырылады.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды