Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің туыстарын іздестіріп жатыр

Ресейлік із кесушілер Калуга маңында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандықтардың ұрпақтарын іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресейлік із кесушіер Ульяновск ауданы Нагая ауылында «Калужские засеки» мемлекеттік қорығының аумағында жүргізген іздеу жұмыстары барысында 1943 жылғы медициналық қабірлерді тапқандарын хабарлады. Олар жұмысшы-шаруа қызыл әскерінің 28 жауынгерінің сүйектерін тапқан.

Табылған жауынгерлердің бірінен қағазға жазылған қосымшасы бар сарбаз медальоны табылған және ондағы жазудың өшіп қалғанына қарамастан, оқуға мүмкіндік болған. Оның Гурьев облысынан майданға шақырылған Александр Дмитриевич Тараканов екені белгілі болды. Қорғаныс министрлігінің орталық архивіндегі құжаттарға сәйкес, бұл жауынгердің дерегі бойынша қалған 27 адамның есімдерін анықтаған.

Архивтік құжаттардан белгілі болғандай, бұл сүйектер 26-шы Гвардиялық атқыштар дивизиясының 75 және 77 Гвардиялық атқыштар полкінің жауынгерлеріне тиесілі. Олар 1943 жылдың 14-22 шілдесінде осы ауданда болған шайқаста жарақат алып, қаза тапқан», – деп хабарлады Атырау қалалық қорғаныс істері басқармасы қоғаммен байланыс инспекторы Гүлжансара Мұхтарова.

1907 жылы Гурьев қаласында дүниеге келіп, Пролетарск көшесі, 2 «Б» үйінде тұрған Александр Дмитриевич Тараканов пен оның жұбайы Анастасия Петровнаның туыстары туралы қандай да бір ақпарат білетіндердің мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 51-56-48, 51-56-42.

Оқи отырыңыз:

Атырауда мұнай зауытында болған апаттың себебі анықталды

Тест: Сіз қаншалықты қырсықсыз?

Ақтөбеде келіні инсульт алған қайын атасын қаңғыбастар үйіне тастап кетті

Астаналықтар елорданы басқан қою түтінге шағымдануда

Талқылау