Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтар елорданы басқан қою түтінге шағымдануда (фото)

Facebook желісіндегі танымал «Астана – Что? Где? Когда?» парақшасында желі қолданушылары елорданы басқан қою түтінгі шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz.

Фото: Виктория Нагорная-Эрдогмуш

Желі қолданушылары Қазақстан астанасын басқан қою тұманды түсіріп алған видеосымен және фотосуреттерімен бөлісуде. Тіпті елорданы Моңғолия астанасы Ұлан Батормен салыстырғандар да табылды.

Фото: Maral Amre-Özbakır

«Жоғары технологиялы Астана мен дамымаған Моңғолия астанасы Ұлан Батор. Көмір түтіні бойынша бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Ащы болса да шындық. Ұлан Баторда күн суығаннан-ақ тұрғындар түтіннен дем ала алмайды. Астанада да дәл осындай жағдай», – деп жазды парақшада желі қолданушысы Ержан Нұрединов.

Парақшада жарияланған фотосуреттерден елорданы басқан түтіннің бірнеше күннен бері сейілмей тұрғанын байқауға болады. Ал қала тұрғындары елорданы түтін басуының себебін жеке меншік үйлердің көмірмен жылытылуынан іздеуде. Олар елорданы толықтай газбен қамтамасыз етуін сұрайды.

Фото: Асылхан Жарасхан

Астанада бірнеше күннен бері жалғасқан желсіз ауа райының салдарынан да қою түтін сейілмей тұр.

Астана билігі әзірге елорданы басқан қою түтін жөнінде пікір білдірмеді.

Оқи отырыңыз:

Мұқасан Шахазадев: Біз 26 жыл жүріп алған атақты өнерге енді келгендер алып жатыр (фото, видео)

Сиви Махмуди: Мен сияқты қыздар өте аз

Елімізге танымал «рэкетир» «Ерен Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды (фото)

Желіде Баян Есентаеваның отырып алып биге басқан видеосы пайда болды (видео)

Талқылау