Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің төртінші кезеңі: Тараптар ертеңге дейін техникалық үзіліс алды

Украина делегациясының басшысы келіссөздердің төртінші раунды қызу жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Ресей мен Украина келіссөздерін бұл жолы бейнебайланыс арқылы жүргізді. Бірнеше сағаттық келіссөздерден кейін тараптар техникалық үзіліс жасады”, –  деп хабарлады Украина президенті Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк.

Келіссөздерде ертеңге дейін техникалық үзіліс жасалды. Ол келіссөздердің төртінші раунды әлдеқайда күрделі форматта өтіп жатқанын айтты.

"Келіссөздердің төртінші раунды бейбітшілік, атысты тоқтату, барлық әскерлерді дереу шығару және қауіпсіздік кепілдігі туралы өткізіліп жатыр. Тараптар өз позицияларын белсенді түрде білдіріп, қазірдің өзінде шешімдерін нақтылады. Байланыс қиын, бірақ жалғасуда. Келіспеушіліктің басты себебі –саяси жүйелердің әртүрлі болуында", - деп есептейді Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бүгін келіссөздер жүріп жатқанын растаған.

"Расында, бүгін келіссөздер бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізілуде. Олар бүгін аяқталды ма, жоқ па, білмеймін. Бірақ біз делегация басшысынан егжей-тегжейлі ақпарат беруін міндетті түрде сұраймыз", - деді Песков журналистерге.

Бұған дейін Беларусь аумағында Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үш раунды өткен болатын. Төртінші турды өтетін жерге жету қиын болғандықтан, бейнебайланыс арқылы өткізу туралы шешім қабылданды.

Талқылау