Соғыс жағдайында бір-біріне көмек көрсетеді: Ресей мен Солтүстік Корея басшылары жаңа келісімге қол қойды
Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Пхеньянда жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kremlin.ru
Путиннің айтуынша, жаңа келісім қатысушылардың біріне агрессия жасалған жағдайда өзара көмек көрсетуді қарастырады. Сондай-ақ қол қойылған келісімнің нәтижесінде Ресей КХДР-мен әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуды үдетпек.
Путин Мәскеу мен Пхеньянды "нағыз достар және тату көрші" деп атады. Бұған жауап ретінде Ким Чен Ын Ресейді “ең адал дос әрі одақтас”, ал Путинді “корей халқының ең қымбат досы” деп атады.
Путин Украинадағы соғысты тоқтатудың шарттарын атады
Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы бұған дейінгі достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарт 2000 жылы жасалған. Бұл шартта "тараптардың біріне қарсы агрессия қаупі немесе бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайда тараптар дереу бір-бірімен байланысатыны" айтылған.
Еске салсақ, бұған дейін Путиннің 20 жылда алғаш рет Солтүстік Кореяға ресми сапармен барғаны туралы жазған едік.