Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей коронавирустың жаңа мутациясына қарсы вакцина шығарады

Алдағы екі айда Ресейде коронавирустың жаңа мутациясына қарсы вакцина шығарылады. Бұл туралы тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералды қызметінің орталық ғылыми-зерттеу эпидемиология институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Александр Горелов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Шын мәнінде, бұл екі айдан аспайды. Ең бастысы платформа құру, технологияларды әзірлеу, өндірісті кеңейту керек. Ал вакцина ішіндегі [коронавирус геномының бөліктерін] өзгерту ғалымдар үшін бірдей. Лего немесе трансформер ойынын елестетіп көріңізші. Құрамн  өзгерте отырып, бізде бір маңызды нәтиже болады, атап айтқанда препараттың коронавирустық инфекциядан қорғаныс қабілетін жасаймыз», - деді Горелов.

Басылым Sputnik V және EpiVacCorona вакциналарының мутацияланған коронавирустық штамдарына қарсы тиімділігі туралы оны жасап шығарушы Гамалея ғылыми-зерттеу орталығы мен «Вектор» мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығы түсініктеме берген еді. 


"Спутник V" өмір бақи иммунитет қалыптастыруы мүмкін - Сарапшы маман


«Вектор» өкілдері «ЭпиВакКоронаны» әзірлеу кезінде коронавирустың S-ақуызының өзгеріске ұшырамайтын ең консервативті аймақтарын қолданғанын, сондықтан вакцина оның әр түріне қарсы тиімді әсер ететінін түсіндірді.

Ақпан айында Қазақстан үкіметі елдегі Sputnik V вакцинасын өндіруге 15 миллиард теңге бөлді. Сәуір айынан бастап қазақстандықтар COVID-19-қа ресейлік препаратпен вакцинацияланды.

Талқылау