Ресей қарулы күштері Украина қалаларына әуе соққысын жасап, салдарынан 28 адам қаза тапты (видео)
Ресей қарулы күштері Украина қалаларына әуе соққысын жасап, салдарынан 28 адам мерт болды. Тағы 100-ден аса адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан скриншот
Дүйсенбідегі шабуылдан 28 адам көз жұмып, 112 адам жарақат алды. Әуе соққысынан Киевтегі "Охматдет" балалар ауруханасы зардап шекті. Шабуыл кезінде ауруханада екі ота жасалып жатқан.
Украина билігі бейбіт тұрғындарға жасалған әуе шабуылына байланысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын шақырмақ. Ал қарулы күштер балалар ауруханасына жасалған соққыны әскери қылмыс ретінде тіркеп, іс қозғаған.
Ал Ресей қорғаныс министрлігі "қасақана азаматтық нысандарға шабуыл жасағаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын" мәлімдеді.
Украина төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше Киевте 17 адам көз жұмып, 50 адам жарақат алды. Ал Днепропетровск облысында 11 адам көз жұмып, тағы 62 адам жарақат алды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”