Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Федерациясы Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

8 шілдеде коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің мәліметінше гуманитарлық көмекке медициналық маскалар, қорғаныс киімдері, медициналық мақсаттағы бұйымдар кіреді. Жақын уақытта Ресейден гуманитарлық көмекпен тағы бірнеше рейс күтілуде.

"ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен уағдаластықтардың жалғасында 8 шілдеде Нұр-Сұлтанға Ресей Федерациясы ТЖМ арнайы бортымен Қазақстан тарапы үшін гуманитарлық жүк жеткізілді", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.  


Көршілес мемлекеттің гуманитарлық жүктері Қазақстанға коронавирусқа қарсы бірлескен күрес туралы келісімдер аясында келді. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі коронавирустық пандемиямен күресте көрсеткен қолдауы үшін үкіметке және бауырлас Ресей халқына алғыс айтты.

"РФ гуманитарлық көмегіне медициналық маска, қорғаныстық киім жиынтықтары мен медициналық препараттар кіреді. Қазақстандағы гуманитарлық көмектің бірыңғай операторы «СҚ-Фармация» ЖШС болып табылады. Жақын арада Ресейден гуманитарлық жүкпен бірнеше рейстер күтілуде", - дейді сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр