Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай Қазақстанға тағы да гуманитарлық көмек жіберді

ПТР-тестілер, бетперделер мен қолғаптар салынған гуманитарлық көмек Қытайдан Алматыға жеткізілді. Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

гум көмек

"Қытай ешуақытта бей-жай қарамады. Алматыға жаңа гуманитарлық жүк тиелген борт келді: 50 мың ПТР тест-жүйе, 30 мың қорғаныш киімі, 70 мың қорғаныш көзілдірігі, 150 мың медициналық қолғап, 600 мың маска және бір мың жылу құрылғылары", - деп жазды Сяо.

Чжан Сяо Қазақстан коронавирусты инфекциямен күресудің қиын уақытын бастан өткеріп жатқанын атап өтті.

"Бұл жүк қазақстандықтарға уақытша қиындықтарды тез еңсеруге және өмірдің қалыпты арнасына оралуға көмектеседі деп үміттенемін. Танымал даналыққа сүйенсек, дос басыңа іс түскенде танылады", - деді елші.

Қытай тарапы COVID-19-мен күресуге көмектесу үшін бірнеше рет қазақстандық қалаларға гуманитарлық көмек жіберді.  Атап айтқанда, көмек Джек Ма және Alibaba Group қорларынан түсті. Үкіметтің шақыруы бойынша Қазақстанға сәуір айында Қытайдан дәрігерлер тобы келді.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Чжан Сяо (@chinaambassadorkazakh) on

 

Талқылау