Қазақстан Ресейге бензин экспорттауға дайын екенін мәлімдеді

Қазақстанның Энергетика министрлігі Ресейдегі жанармай тапшылығына байланысты қандай кезде Қазақстан жанармай жеткізетінін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствода мәліметінше, егер Ресей Федерациясы Үкіметінен автомобиль отынын сатып алу туралы ресми өтініштер түссе, Қазақстан жанармайды өзара тиімді коммерциялық шарттарда өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын.
"Мұнай өнімдерін жеткізу саласында халықаралық келісімдер мен коммерциялық шарттар жасау тек еркін ресурстық әлеует болған жағдайда ғана мүмкін", — деп қосты министрлік
Ведомство алдымен елдің ішкі нарығын толық және үздіксіз қамтамасыз ету басты назарда болатынын алға тартты.
"Экспорттық жеткізілімдер тек Қазақстан азаматтары мен экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауіп төнбеген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін", — делінген хабарламада.
Бұған дейін жанармай тапшылығына байланысты ресейлік жүк көліктері енді Қазақстан арқылы қатынайтыны туралы жазған едік. Ресейде жанармай тапшылығы 2026 жылдың маусым айында мұнай өңдеу зауыттары мен өзге де энергетикалық инфрақұрылымдарға жасалған дрон шабуылдарынан кейін күшейді.
Reuters-тің мәліметінше, Ресейдегі бензин өндірісі 2025 жылдың маусымымен салыстырғанда шамамен 25% азайған.
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Оқыңыз