"Редан" балалар сектасы: Алматы полициясы сауда үйінде жиналған жасөспірімдерге қатысты пікір білдірді
ЧВК "Редан" деп аталатын топ жайлы хабарлама әлеуметтік желіде көптеп тараған. Сонымен қатар балаларды сауда үйіне жібермеу керегі айтылған хат та ата-аналарды алаңдатып қойды. Хатта "Редан" қатысушылары жиналып, жаппай төбелес шығаратыны туралы айтылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек демалыс күндері ювеналды полицияның профилактика шараларын қабылдағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, 4 наурызда 17:30 шамасында "102" пултіне Бостандық ауданыдағы сауда үйінде жасөспірімдердің жиналғаны туралы ақпарат түскен.
"Жасөспірімдермен заң бұзбау туралы әңгіме жүргізілді. Нәтижесінде кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты құқық бұзушылық тіркелмеді", – деді ол.
"Редан" субмәдениетінің атауы танымал жапониялық комикстен алынған. Олар жиналып, аниме, ойындар секілді түрлі тақырыптарды талқылайды.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты