Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рамзан Қадыров карантин ережелерін бұзғандарды өлім жазасына кесу керек деп айтты

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров карантин талаптарын бұзып, басқаларына коронавирус таратқандар үшін өлім ең дұрыс жаза екендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қадыров туыстарының жоғары лауазымдарға тағайындалуын түсіндірді

Қадыров өзіне және өзгелерге қауіп төндіретіндерді ату керектігін айтыпты.  

"Ол адам өзінің ауырғанымен қоса, жақын туыстарына ауруды жұқтырады", - депті Шешенстан басшысы. 

Бұған қоса саясаткер Шешенстан Республикасының азаматтарын карантин ережелерін сақтап, анда-мұнда бармауға шақырды. Мысал ретінде ол Меккеге қажылыққа барып, инфекцияны жұқтырып келгендерді келтірді.

"Олар қажылыққа барып келгеннен кейін карантинге жатудың орнына адамдарды жинап уағыз оқыған, басқаларымен сөйлесіп, амандасып жүрген. Егер ол ауру жұқтырған болса, онымен қарым-қатынаста болған тағы 1000 адам ауруы мүмкін", - дейді Қадыров. 

Қадыров егер ауру республика аумағында жаппай тарала бастаса, билік індетті ауыздықтауға қауқарсыз болатынын жеткізді. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 100-ден асып отыр. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 531-ге жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Марқұмның анасы карантинге жабылғандықтан жеткіншекті жерлеу рәсіміне қатыстырылмапты

Алматыда коронавирусқа байланысты инфекциялық аурухананың құрылысы басталды

Бой көтеретін емхана нысаны 280 орынға арналған

Карантиннен қашпақшы болған Ақтау тұрғыны үшінші қабаттан секіріп, омыртқасын сындырды

Қазір карантинге жабылғысы келмеген азамат ауруханада жатыр

Коронавирус жұқтырғаны қаза болғаннан кейін анықталған: Ақмола облысында қаза тапқан науқас 73 жаста болған

Көз жұмған адам - 1947 жылғы Целиноград ауданының тұрғыны

Асқар Жұмғалиев 42500 теңгелік жәрдемақыны тағайындау барысында туындаған ақаулар жайлы пікір білдірді

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде миллионнан астам адамға электронды қызмет көрсетіліпті

СҚО-да коронавирусқа шалдыққан баладан жеті адам індет жұқтырған

4  сәуір күні СҚО-да коронавирусқа шалдыққан 25 науқас тіркеуде тұр екен

Нұр-Сұлтанда бір адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда коронавирустан бесінші адам көз жұмды

Ауру жұқтырғандардың саны 525 болды

Екі рет ракты жеңген қария коронавирустан көз жұмды

79 жастағы қарт жасына қарамастан өте ширақ әрі белсенді болған
Çàãðóçêà...