Нұр-Сұлтанда соңғы тіркелген 14 науқас ауруды қайдан жұқтырғаны айтылды

Нұр-Сұлтанда тіркелген 14 науқас ауруды қайдан жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

«Соңғы тәулікте елордада коронавирус жұқтырған 14 адам тіркелді. Оның ішінде 9-ы – карантинде стационарда болғандар. Үшеуі бұрын тіркелген адамдармен байланыста болғандар. Біреуі – 25 наурызда Нұр-Сұлтандағы әуежайға ұшып келген адам. Бесеуі – стационарда пневмания күдігімен өткір ЖРВИ-мен жатқандар. Қалғандары – коронавирус бойынша жағдай жайсыз елдерден ұшып келгендерді қадағалау барысында анықталды», - деді Абаев.

Науқастардың барлығы станционарға жатқызылыпты. Министр ауруға шалдыққандармен қарым-қатынаста болғандар іздестіріліп жатыр деп қосты.  

«Кейінгі уақытта азаматтардың көшеге шығуын тежеу бойынша жиырмаға тарта сұрақ келіп түсті. Бұл сұрақ мемлекеттік комиссияның қарауында. Комиссия отырысы бүгін өтеді. Нәтижесін БАҚ-қа жариялаймыз», - дейді шенеунік.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 100-ден асқаны айтылған еді. 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

42500 теңгелік төлемге арнайы сайтта өтініш беру алгоритмі жарияланды

Өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады

«Бір тойдан миллион таптым»: Асаба Нұржан Аташ тойдан алатын гонорары туралы

Асаба: 4 жыл ақша жинап, үлкен үй алдым

Шығыс Қазақстан облысының әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Даниал Ахметов өзінің жаңа бірінші орынбасарымен таныстырды

Шымкент карантинге жабылады

4 сәуірде 21:00-ден бастап Шымкентте карантин енгізіледі

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 450-ге жақындады

Инфекцияның тағы төрт жағдайы Қазақстанның үш аймағында тіркелді

Мұнай бағасының қайтадан төмендеуі тіркелді

Мұнай төрт-алты пайызға арзандады

Әскери міндеттілерге жиын кезінде қанша теңге төлейді?

Жиын уақытында әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны миллионнан асты

Қытайда коронавирустық инфекцияның басталуынан бірнеше ай ішінде әлем бойынша 53 000 200 адам қайтыс болды

Коронавирус ешқайда кетпейді және жоғалмайды– Денсаулық сақтау министрі

Сонымен қатар, ол ғалымдардың жағдайдың одан әрі қалай дамитыны туралы болжамдарын айтты.

42500 жәрдемақысын ЭЦҚ-сыз қалай алуға болады

SMS авторизациясының көмегімен "Төтенше жағдай кезіндегі 42500 теңге төлемі" қызметін ала аласыз
Çàãðóçêà...