Рахман Омар: Бірінші әйелімнің қазасы жұмбақ өлім болды, тағы бір адамның қылмысқа қатысы бар деп ойлаймын
Белгілі актер, тележүргізуші әрі аса Рахман Омар бірінші әйелінің қазасын ауыр қабылдаған. Енді ғана еңсе көтеріп, ұлын үйлендірді. Батар күннің атар таңы бар демекші, шаңырақта үлкен қуаныш болды.
Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды.
Рахман Омар марқұм болған бірінші әйелі Гүлдерайымның қазасын ауыр қабылдаған. Бүгінде ұлы келін әкеліп, қаза соңы тоймен жалғасты. Марқұм әйелімнің қазасына тағы бір адамның қатысы болуы мүмкін деп топшылайды. Ал кінәлі адам 16 жылға сотталған.
“Гүлдерайымның қазасынан соң әзер ес жидық. Бізге ауыр болды. ІІМ-нің дәрменсіздігін көрдім. Ұсталып тұрған адамға мойындатуға болар еді. Менің түйсігімде екі адам қылмысқа қатысты секілді. Бірақ топтық қылмыстың жазасы 21 жыл. Ол жалғыз адамнан ауыр. Содан ба білмеймін, бір адам 16 жылға кетті”, – дейді актер.
Айтуынша, келіні марқұм әйелінің жас кезінен аумайды. Ұлым өз анасына ұқсаған қыз әкелді деп таңғалады.
- Ол менің өмірімде ақ күйінде қалады: Рахман Омар бірінші әйелі жайлы
- Рахман Омар 8-сынып оқып жүргенде дәретханада тұншығып жатқан 1 жасар баланы құтқарып қалған
“Ұлым келінмен таныстырғанда өзгеше әсер алдым. Қатты таңғалдым. Маған алдымда анасының жас кезі елестеді. Анасына ұқсатып алыпты. Келінге деген ерекше мейірімім оянды. Төбемнен біреу су құйғандай болды. Ұлым да, қыз да білім қуған жандар екен. Бір-бірін көре сала үйленуге шешім қабылдаған. Құдаларым өзіммен замандас. Қызылордаға барып, қазақылық жолмен құда түсіп алдық. Тойды келесі жылы жасаймыз”, – деді Рахман Омар.
Рахман Омар асабалық жалақысы бұрынғыдан айтарлықтай азайып қалғанын айтты. Карантинде той тоқырап, әнші-жыршылардың да жағдайы мәз емес күйге түскен.
“Мен театр актерімен, тележүргізушімін, одан бөлек асабамын. Кей актерлер асаба емеспін деп мойындамайды. Олардың 90 пайызы тойдан ақша табады. Асабалықтың өзі бір сала. Бірақ оның актерлікке, театрға қатысы жоқ”, – деді ол.
Болашақта мектеп ашып, шәкірт тәрбиелейтін жоспары бар.
“Бір кісідей түйгенім бар шығар деп ойлаймын. Оны өзіммен алып кетпей шәкірттерге қалдырсам деймін. Бұл мансап емес, бұл жақсылық жасау. Мен батамен көгерген адаммын. Бала күнімде көп алғыс алғанмын. Содан абыройым артқан жан шығармын. Екі жасар баланы дәретханадан алып шыққанда ата-әжесі егіліп бата берген. Сол батаның күші. Алланың тілекті қабыл еткені шығар. Менің осы күні ел адамы болып жүргенім”, – дейді тетар әртісі.