Соңғы жаңалықтар

Ол менің өмірімде ақ күйінде қалады: Рахман Омар бірінші әйелі жайлы

Көпке белгілі актер Рахман Омар алғаш рет марқұм бірінші әйелі жайлы айтты. Ол менің өмірімде ақ күйінде қалады деп ағынан жарылды. Ұлы Досханмен ара қатынасы туралы сөз етті. 

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды.

Белгілі театр актері, тележүргізуші Рахман Омар өмірі мен шығармашылығы жайлы сұхбат берді. Бірінші жары мен ортақ ұлдары туралы айтты.

Актер бүгінде екінші отбасымен тұрады. Бірінші әйелі екеуінің ортақ ұлы бар. 

Айта кетейік, қазалы оқиға көпшіліктің есінде. Актер Рахман Омардың бірінші әйелі пәтер жалдаушының қолынан қаза болған еді. Оқиға 2018 жылдың 25 маусымы күні болды. Әйелдің мойнына 7 рет пышақ салған. Тергеу мәліметінше, қайғылы жағдай жанжалдан туған.

Гүлдерайым Омарованың артында үш баласы қалды. Марқұм әйел дүкенде сатушы болып жұмыс істеген.


Рахман Омар 8-сынып оқып жүргенде дәретханада тұншығып жатқан 1 жасар баланы құтқарып қалған


"Гүлдерайыммен болған жағдайды тағдыр деп есептеймін. Бұрын тағдыр дегенге сенбейтінмін. Баянсыз бақ десе де болады. Өмірде әртүрлі ұяшықтар әртүрлі түсте болатын болса, ол менің өмірімде ақ ұяшық күйінде қалады. Ол біздің ортақ баламызға керемет тәрбие берді. Досханмен о бастан араласамыз. Оны тастанды бала етіп кеткен жоқпын. Балаларым алдында үлкен борышым барын білемін. Жалғыз қалғанда кінәмді сезінемін. Жалғыз қалғанда адам ойланады ғой. Ғарышқа кетіп қалады. Өзіне есеп береді дегендей. Бастысы артымнан ерген балаларыма құдай өмір берсін. Соларды аяқтандыруға маған күш берсін", - деді актер. 

Актердің бірінші әйелінен туған ұл Досхан анасың тәрбиесі жайлы айтты. 

"Анам ешқашан әкемді жамандаған емес. Әкемді жақсы адам деп отыратын. Әкемді жақсы көріп өстім. Әкеңе жақын бол деп үйретті. "Әкең сүттен де ақ. Әкеңе ренжіме" деп өсірді", - деді ол. 

Рахман Омар алғашқы жары екеуі ең алғаш Алматыдағы Райымбек пен Тілендиев көшесінің қиылысында тұрған. Бұл актердің маңдай терімен тапқан алғашқы баспанасы. Көршісі Айша әжей Рахман мен әйелінің жақсы адамдар екенін айтып ағынан жарылды. 

"Рахман мен әйелі көшіп кеткелі ондай көрші көрген жоқпын. Ең жақсы адамдар. Әйелі де керемет еді. Өте ақкөңіл еді", - деді бұрынғы көршісі Айша әже.

Бұрынғы ортақ досы Лиза Серікова да бұрынғы құрбысы Гүлдерайым Омарованы еске алды. 

"Рахман екеуінің тойына куә болдық. Гүлдерайым бір көргеннен ұнады. Өте мейірімді, жүзі жылы, ашық жарқын адам еді. Достыққа адал еді. Екеуі екі жаққа кеткенде бәріміз қайғырдық. Қимастық сезім болды. Гүлдерайымды бәріміз жақсы көретінбіз", - деді құрбысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр