Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық компания Абай облысында алюминий зауытын салмақ

Қытайлық компания зауыт алюминий
Фото: gov.kz

Inner Mongolia Wanjiang Invest компаниясы Абай облысында екі ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Олар жылына 300 мың тонна алюминий өнімін өндіретін зауыт салып, жалпы қуаты 1 гигаватт болатын жел электр станцияларын іске қоспақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Абай облысының әкімі Берік Уәли 28 маусым күні Қытайдың Ордос қаласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, аталған жобаларға тартылатын инвестицияның жалпы көлемі – 1,5 миллиард доллар.

Inner Mongolia Wanjiang Invest – көмір өндіру, тасымалдау және өңдеу, жаңартылатын энергетика, жабдық өндіру, құрылыс және басқа да салаларда жұмыс істейтін ірі көпсалалы холдинг.

Компанияның мәліметінше, оның жылдық өндіріс көлемі 5 миллиард юаньнан, шамамен 358 миллиард теңге асады. Холдингтің құрамына толықтай өзіне тиесілі және бақылауындағы 30-дан астам компания кіреді. Олар Қытайдың 20-дан астам қаласында жұмыс істейді.

Бұған дейін Қытайдың ірі автоконцерні Қазақстанда автокөлік құрастыруды жоспарлап отырғаны туралы жазған едік. 

Қытайлық SuperX AI Technology Limited директорлар кеңесінің төрағасы әрі CEO Хуан Чэньхун Қазақстанда заманауи деректер орталықтарын құруға қызығушылық танытты. Компания Қазақстанда 2026-2029 жылдары кезең-кезеңімен іске қосылатын, қуаты 1 ГВт-қа дейін жететін AI Data Center кластерін құруға мүдделі. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 29 Маусым, 2026 08:28