"Құшақтамаңыз, болмайды": Желіде Алтынай Жорабаеваның тойдағы әрекеті қызу талқыға түсті

Желіде танымал әнші Алтынай Жорабаеваның тойдағы әрекеті қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Той үстіндегі видео TikTok желісінде жарияланған. Кадрлардан қонақтардың әншімен суретке түсу үшін жанына жиі келіп жатқанын көруге болады.
Бір сәтте Алтынай Жорабаева өзіне бір ер адамның ренжіп қалғанын айтып, көпшілікке жүгінген.
"Ер азаматтар қайта-қайта келіп, мені құшақтай берген соң, “құшақтамаңыз” десем, “не болады екен?” дейді. Сіздің әйеліңізді әркім құшақтай берсе, жақсы көресіз бе? Болмайды. Бәрі мені құшақтай берсе, не қалады? Кімдікі дұрыс? Менікі дұрыс па, бұрыс па?" – деді әнші.
Кейін өнер иесі әлгі ер адамды ренжітіп алған болса, кешірім сұрап, ренжімеуін өтінді.
Әншінің бұл сөзіне қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі Алтынай Жорабаеваны қолдап, өнер иесінің жеке шекарасын сақтау керек екенін жазды.
“Дұрыс айтып жатыр. Әйел адамдарды құшақтамаңыздар, оның жолдасы бар”, “Дұрыс айтады, әркімнің құшақтап, сүйгені дұрыс емес. Мәдениет пен әдеп болуы керек”, “Дұрыс қой, бөтен ер адам әйелді құшақтамауы керек”, – деп пікір білдірді олар.
Ал енді бірі әншінің әрекетін сынады.
“Тойда неге жүрсің? Тойға шықпа, тек сахнада ән айт, сонда сені ешкім құшақтамайды”, “Тойға келген соң бәрі болады, шыдау керек. Сол қарапайым халықтың арқасында Алтынай болдың. Суретке түскісі келген шығар, саған деген құрметі шығар”, “Әртістер де әлдеқандай болып кеткен. Қазақ құшақтаса, ол – құрметі”, – деп жазды желі қолданушылары.
Еске салайық, бұған дейін әнші Алтынай Жорабаеваның қызы тұрмысқа шықпақ екені хабарланған еді. Қуанышты жаңалықты тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Журналист жазбасының астына видео жүктеген. Кадрлардан жігіттің сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған сәттерін көруге болады.
"Ағаш сындырып, от жаққан, пиротехника атқан": Алматылықтар Бұтақты мен Көкжайлаудағы күл мен қоқысқа шағымданды
Оқыңыз