Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы заң жобасы қаралып жатыр

құрылтай
Фото: freepik.com

Мәжіліс депутаттары “Құрылтайы туралы және оның депутаттарының мәртебесі туралы” заң жобасын қарауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, аталған заң жобасы жаңа Конституция нормаларын іске асыру мақсатында әзірленген.

“Заң жобасы Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметін құқықтық тұрғыда реттеуге, оның депутаттарының құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған. Құжат 12 тарау және 60 баптан тұрады. Сонымен қатар Парламент регламентінің 32-5-тармағына сәйкес, конституциялық заң жобалары бойынша әр Палата бірлескен комиссия құрамына кандидаттарды ұсынып, қосымша баяндамашыны анықтауы тиіс. Осыған байланысты Мәжіліс тарапынан бірлескен комиссия құрамына Қайрат Балабиев, Ермұрат Бәпи, Марат Башимов және Сергей Пономарев ұсынылады”, – деді депутат.

Сонымен қатар ол осы заң жобасы бойынша Мәжілістен қосымша баяндамашы ретінде Қайрат Балабиевті бекіту ұсынылғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты референдум өтті. Мемлекет басшысы да Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді. Сондай-ақ бүгін Конституция жобасын мақұлдау бойынша республикалық референдумның Exit poll қорытындысы жарияланды. Exit poll нәтижесін сауалнама бойынша Еуразиялық интеграция институты ұсынды.

16 наурызда Тоқаев жазда Парламент сайлауы өтетінін айтқан еді. Кейін Қазақстанның жаңа парламенті – Құрылтайға сайлау тамыз айында өтетіні хабарланды. 

Нұрила Жұмаділлә
Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026 13:55