Елімізде вице-президент Құрылтай жасақталған соң сайланады
Фото: Сенат баспасөз қызметі
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев вице-президент Құрылтай жасақталып болған соң сайланатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әшімбаевтың айтуынша, Қазақстанның вице-президенті қызметіне кімнің тағайындалатыны әзірге белгісіз. Бұл мәселе тек президенттің құзыретінде дейді.

“Бұл жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституциямен реттеледі. Қандай шешім қабылдайтынын мемлекет басшысының өзі айқындайды, бұл оның құзыретіндегі мәселе. Құрылтайдың құрамы жасақталған соң президент тиісті шешім қабылдайды”, – деді Әшімбаев.
Еске салсақ, Құрылтайда Тоқаев Қариннің лауазымын қысқартып, орнына вице-президент қызметін енгізуді ұсынған еді. Ал кейін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзіне вице-президент лауазымы ұсынылуы мүмкін бе деген әңгімелерге қатысты пікір білдірген.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар