Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мұғалімдер енді сабақтан тыс уақытта балалар үшін жауап бермейді

Депутаттар педагогтерді қорғау қажеттігін айтып, бұл мәселеде заңда екіұшты түсіндірмелер болмауы тиіс екенін атап өтті.  Осыған ұқсас пікірді Ирина Смирнова да білдірді. Оның айтуынша, мұғалім өзі объективті түрде бақылау жасай алмайтын жағдайлар үшін жауап бермеуі керек.  «Оқушы үшін педагогтің жауапкершілігі тек оқу уақытында болуы — өте маңызды норма. Сабақтан тыс уақытта бала үшін жауапкершілікті тек ата-аналар көтеруі тиіс. Педагогтің негізгі миссиясы — өз пәнін оқыту, білім алу жолдарын үйрету және заманауи білімге ие болу», — деді ол.
Фото: magnific.com

Енді заң бойынша мұғалімдер оқу процесі кезінде ғана оқушылар үшін жауап береді. Ал сабақтан тыс уақытта оқыс жағдай болса, балалар үшін жауапкершілік ата-аналарға немесе қамқоршыларға жүктеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері жөніндегі заң жобасын таныстыру кезінде депутат Асхат Аймағамбетов мұғалімдер мен мектеп директорлары оқу процесінен тыс уақытта балалар үшін жауап бермеуі тиіс екенін айтты. Ол былтыр елде бірнеше резонансты жағдайды еске салды.

“Жаз мезгілінде, кешкі уақытта немесе демалыс күндері оқушылар құқықбұзушылық жасап немесе түрлі жағымсыз жағдайларға тап болды. Ол кезде мұғалімдер жанында болған жоқ, олар демалыста немесе үйінде болған. Бұл каникул уақыты, кешкі немесе жұмыс уақыты емес. Соған қарамастан, мектеп директорлары мен мұғалімдер жазаланып, жұмыстан шығарылады. Бұл – әділетсіздік. Енді біз заңға нақты норма енгізіп жатырмыз: педагог балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі кезінде және өз қызметтік міндеттері аясында ғана жауап береді. Жазғы каникул – ата-ананың жауапкершілігі. Түнгі уақыт, демалыс күндері – ата-ананың жауапкершілігі", — деді ол.

Депутаттар педагогтерді қорғау қажет екенін баса айтты. Сондай-ақ бұл мәселеде заңда екіұшты түсіндірмелер болмауы тиіс екенін атап өтті.

Осыған ұқсас пікірді Ирина Смирнова да білдірді. Оның айтуынша, мұғалім өзі объективті түрде бақылау жасай алмайтын жағдайлар үшін жауап бермеуі керек.

"Оқушы үшін педагогтің жауапкершілігі тек оқу уақытында болуы – өте маңызды норма. Сабақтан тыс уақытта бала үшін жауапкершілікті тек ата-аналар көтеруі тиіс. Педагогтің негізгі миссиясы – өз пәнін оқыту, білім алу жолдарын үйрету және заманға сай білімді болу", – деді ол.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026 14:51