Экс-әйелін балағаттаған актер Нұрсұлтан Жақсыген екі қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті

Экс-әйелін балағаттап, ауыр сөздер айтқан Нұрсұлтан Жақсыген әлі де жазаланбаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны актердің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Ол бұған дейін актердің үстінен арыз жазғанын, оған қатысты екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.
Оның ақпаратына сүйенсек, актерге қатысты Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы – “Сталкинг” (аңду немесе ізіне түсу) бойынша (50 тәулікке қамалуы) жазасы, ал 274-бап 2-бөлігі, 3-тармағы, яғни “Көрінеу жалған ақпарат тарату” қылмысы үшін (1 жылға бас бостандығын шектеу) жазасы көзделген.
Енді Фариза Алмасқызы Қарасай ауданының прокуроры Нұрсұлтан Жақсыгенді қолдап отыр деп мәлімдеді.
“Осылай ақшамен шешілетінін білгенде сонша жерден келмес едім. Кеше ғана “Сталкинг”, “Көрінеу жалған ақпарат тарату” баптары бойынша қамалады деген шешім болып еді, бір күнде бәрі өзгеріп шыға келді. Қарасай ауданының бас прокуроры Нұрсұлтан Жақсыгенді қамауға қарсылық білдіріп, керісінше, оны қолдап отырғандарын көрсетті”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұған дейін жазған хаттарын көрсетті. Хат алмасу кезінде актер:
“Айналайын, заң қазір сатылады, өзім зор қылып шешіп аламын”, – деп жазған.

Айта кетейік, бұған дейін экс-әйелін балағаттаған блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге желі қолданушылары бойкот жариялағаны хабарланған еді. Актер әйелін “көшедегі әркімнің біреуі”, “есік көрген қызды ешкім бағаламайды” деп кемсітіп, балағат сөздер қолданған. Сондай-ақ, ол бұрынғы жарының тұрмыстық және жеке өмірін мазақтап, ар-намысына тиетін пікірлер жазған.
Мұны жариялаған соң Фариза оқырмандарынан жылы тілектер естіп, қолдау тапты.