Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы музыка кабинеті ашылды

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері
Фото: Dimashnews.com

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Аргентинадағы жанкүйерлері музыкалық аспаптарға мұқтаж мектептерге қолдау көрсетуге бағытталған жаңа қайырымдылық бастамасын қолға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Акцияның алғашқы нүктелерінің бірі Мар-дель-Плата қаласындағы генерал Хосе де Сан-Мартин атындағы №5 бастауыш мектеп болды. Жанкүйерлер қауымдастығының өкілдері музыкалық аспаптарды жеткізу үшін 400 шақырымнан астам жол жүріп барған.

Оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер үшін мерекелік шара ұйымдастырылды. Онда қонақтар Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолы туралы айтып, жиналғандарды Қазақстанның дәстүрі мен мәдениетімен таныстырды.

Сондай-ақ мектепте ұлттық киімдер, ақпараттық материалдар мен таныстырылым стендтері қойылған тақырыптық көрме ашылды.

Күннің ең әсерлі сәті – мектептің музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімін беру туралы шешімі болды. Бұл сирек әрі символдық мәні бар оқиғаға айналды. Себебі Аргентинадағы білім беру мекемелері әдетте көрнекті тұлғалардың есімін қайтыс болғаннан кейін ғана береді. Ал бұл жолы өнер иесінің халықаралық мәдениетке қосқан үлесін мойындау ретінде ерекше шешім қабылданды.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026 14:38