"Құлағымның бір бөлігін кесіп тастады": Қазақстандық әйелге бұрынғы күйеуі пышақпен шабуыл жасаған

Әлеуметтік желіде алты баланың анасы бұрынғы күйеуінің өзіне шабуыл жасап, құлағының бір бөлігін кесіп тастағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Мадина Нұрғалиева TikTok-тағы парақшасында бұрынғы күйеуінің әрекетіне шағымданып, видео жариялады.
"Мен Шығыс Қазақстан облысы Самарское ауылында тұратын алты баланың анасымын. 2026 жылдың 25 шілдесінде дүкеннің жанында бұрынғы күйеуім маған пышақпен шабуыл жасады. Ол мойныма пышақ сұғуға әрекеттеніп, құлағымның бір бөлігін кесіп тастады және маған бірнеше пышақ жарақатын салды. Бар күшіммен қорғанғанымның арқасында ғана аман қалдым. Бұған дейін де ол бірнеше рет пышақпен қорқытып, өлтіремін деп қоқан-лоқы жасаған. Бұл туралы жергілікті полицияға бірнеше мәрте жүгіндім. Алайда полиция қызметкерлері арыздарыма назар аудармай, өз міндеттеріне салғырт қарады", – дейді әйел.
ШҚО полиция департаменті Самарское ауылының тұрғынына пышақ жарақаты салынғаны туралы хабарлама түскенін растады.
"Аталған дерек бойынша сол күні жәбірленушінің бұрынғы жұбайы, 51 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Қазір ол қамауға алынған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ жәбірленушімен қандай да бір байланыс жасауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы шығарылды", – делінген полиция хабарламасында.
Полицияның мәліметінше, жәбірленушінің бұрынғы арыздары бойынша ер адам бұған дейін бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ ол ата-ана құқығынан айырылған.
"Қазір іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында бес баланың әкесін ауылдастары пышақтап өлтірді деп айыпталғаны туралы жазған едік.
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан