Қорғаныс министрлігінің колледжінде Қайрат Сатыбалдыны салтанатты түрде қарсы алған

Қаржылық қылмыстар үшін сотталып, мерзімінен бұрын босатылған Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет көпшілік алдында көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Экс-президенттің жиені қорғаныс министрлігіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы әскери спорт колледжінің басқа түлектерімен бірге курсанттармен кездесіп, батырдың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
ОқыңызІс-шараның видеосын колледждің өзі өз парақшасында жариялады. Дегенмен кейін ол жазбалар жоқ болып кетті.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Сатыбалды 2022 жылы қамауға алынып, қыркүйекте қаржы жымқыру ісі бойынша 6 жылға сотталды. Тергеу барысында Қайрат Сатыбалды мемлекетке миллиардтаған теңгенің активтерін қайтарды, ал 2024 жылы өтелген шығынды ескеріп, сот жазасын бостандығын шектеуге алмастырды.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген